Ресейден нөпір су келе жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейден нөпір су келе жатыр

19.04.2024

Ресейдің Орынборынан шыққан нөпір су Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарына сәуірдің 20-сы, яғни ертең жетеді деген болжам бар.

Соңғы мәліметке сай, Орал қаласындағы Жайық өзенінің деңгейі 8,05 метрден асқан. Қауіпті деңгей 8 жарым метр болып саналады. Нөпір су алдымен Орынборға шекаралас жатқан Бәйтерек ауданындағы Январцево ауылына бірінші болып жетеді. Елді мекендегі Жайықтың деңгейі күн сайын 28 см-ге көтеріліп жатыр. Солтүстік Қазақстан облысында топан судан төнген қауіп Сергеев су қоймасындағы жағдаймен топшыланатыны белгілі. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, мұнда ернеуден асқан судың биіктігі – 3 м 22 см. Ал бүгін "Қазгидромет" мамандары Ақмола облысындағы Нұра өзенінің су деңгейі шекті мөлшерден 5 см-ге асқанын мәлімдеген еді.

Хабарламаларға жазылу