«Ірі болайық!»: Солтүстік Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы халықты сабырға шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ірі болайық!»: Солтүстік Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы халықты сабырға шақырды

16.04.2024

Ірі болайық! Тасқыннан зардап шеккен теріскей халқына Солтүстік Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы Жарасбай Сүлейменов осылай деп, сабырға шақырды. «Сын сағатта басқа түскен ауыртпалықты ел болып көтерейік, шыдайық, осалдығымызды басқаларға сездірмейік»,- деп жазба қалдырды .

Бұл ретте жапондардан үлгі алуымыз керек деп ойлаймын. Олар жер сілкінісінен келген зардапты тістеніп жүріп, бірлігімен, мұқалмас ерік-жігерімен жеңді ғой. Ұлттың ірілігі де, ұсақтығы да осындай сын сағатта көрінеді. Ірі болайық! 

Хабарламаларға жазылу