Су тасқыны: 113 мыңдай тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су тасқыны: 113 мыңдай тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген

16.04.2024

Су тасқыны басталғалы 113 мыңдай тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген. Қазір эвакуациялық пункттерде 6700 адам қалды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі мәлімдеді. Айтуынша, 5700 тұрғын үй мен 2 мыңнан аса саяжай су астында қалған. Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Әсет Жақсылықов 8 ауданда су деңгейі төмендегенін жеткізді. Облыста су басу қауіп жоқ, деді. Зардап шеккен халыққа біржолғы төлемдер беру басталғанын айтты. Ал, Шығыс Қазақстандағы Бұқтырма, Үлбі, Үбі сынды таулы өзендерде су деңгейінің көтерілуі мүмкін. Дегенмен, өңірдің төтенше жағдайлар департаменті өкілі Аяулым Кекиеваның айтуынша, айтарлықтай қауіп жоқ.

Хабарламаларға жазылу