Ақмола облысының тұрғындары өтемақыға өтінішті онлайн бере алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысының тұрғындары өтемақыға өтінішті онлайн бере алады

16.04.2024

Су тасқынынан зардап шеккен азаматтар өтемақыға өтінішті ұялы телефон арқылы бере алады. Онлайн-қызметтің көмегіне әзірге Ақмола облысының тұрғындары жүгіне алады. Ол үшін ешқайда барып, құжат тапсырудың қажеті жоқ. Тек «Egovmobile» қосымшасына кіріп, «су тасқыны себебінен келтірілген материалдық зиянды өтеу туралы өтініш» деген батырманы басасыз. Одан кейін банктік шотыңызды, телефон нөміріңізді, мекен-жайыңызды көрсетіп, зардап шеккен мүлкіңіз жайлы ақпарат бересіз. Кейін өтінімге электронды цифрлық қолтаңба немесе телефон нөміріңізге келген құпия сөзді теру арқылы қол қоя аласыз. 

Ұмсындық Наурызбаева

Хабарламаларға жазылу