Азия чемпионатында балуандарымыз бақ сынап жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азия чемпионатында балуандарымыз бақ сынап жатыр

15.04.2024

Бішкекте күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін-ертең боз кілемде грек-рим шеберлері белдеседі. Құрлықтық додада бірер минут бұрын қазақстандық балуандар Нұрсұлтан Тұрсынов пен Ержет Жарылқасын жартылай финалға шықты. Бұған дейін әйелдер күресінен 4 бұрымды балуанымыз ел қоржынына 4 қола медальді салғанын айтқан едік.

72 келіде белдескен Анастасия ПанасОвич, үшінші орын үшін өзбекстандық Озода Зарипбоеваны айқын басымдықпен жеңген болатын. Оған дейін 57 келіде өнер көрсеткен Лаура Алмағамбетова мен 59 келі салмақта белдескен Диана Каюмова және 76 келі салмақ дәрежесінде Эльмира Сыздықова қоладан алқа таққан болатын.

Қаракөз Тұрмағамбет


Хабарламаларға жазылу