Рүстем Сыбай ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рүстем Сыбай ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды

10.09.2015
Рүстем Сыбай ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды

Қазақстандық зілтемірші Рүстем Сыбай Таиланда өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңіске жетті. 94 келіде бақ сынаған Рүстем жұлқа және серпе көтеруде 383 (167+216) келіні еңсеріп, Азия чемпионы атанды.

Екінші орынды 376 келі көтерген Оңтүстік Корея спортшысы Джунг Хен Сеоп жеңіп алды. Ал, жарыстың қола жүлдесін ирандық Хашеми Алиге бұйырды.

Осылайша Азия чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы 3-ші алтын жүлде ұтып алды. Осыған дейін Айдар Қазов пен Ермек Өміртай құрлық чемпионы атанған.

Ал, еліміздің әйелдер құрамасы сапынан бақ сынаған Фаина Сиванбаева, Әсем Садықова және Майра Файзуллаева қола медаль иеленді.

Хабарламаларға жазылу