Токио 2020: 6 тамыздағы қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Токио 2020: 6 тамыздағы қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі

06.08.2021

Токиодағы Олимпиада соңына жақындаған сайын қыза түсті. Бүгін Қазақстандық 11 спортшы жарыстың 7 түрі бойынша бақ сынап жатыр.

Дегенмен күннің алғашқы жартысы сәтсіз басталды. Себебі еркін күрестен ел сенім артқан Дәулет Ниязбеков пен Әлішер Ерғали ширек финалдағы қарсыластарына жол берді. Әйелдер күресінен Валентина Исламова да алғашқы айналымда ұтылды. Дегенмен олардың қарсыластары финалға шықса, балуандарымыз жұбаныш кездесуіне қатысып, қолаға таласауға мүмкіндік алады.

Ал, каноэда жұптасып ескек есуден Маргарита Торлопова мен Светлана Усова жүлдеден тыс қалды. Тек байдаркада ескек есуден Сергей Емельянов ширек финалға шықты.

Жарыс әлі жалғасып жатыр. Сондықтан жүлдеден де үміт бар. Себебі түстен кейін еркін күрестен Данияр Қайсанов қола жүлдеге таласса, каратэші Нұрқанат Ажықанов жарыс жолына шығады.

Сондай-ақ, көркем гимнастикадан Алина Әділханова да өнер көрсетіп жатыр. 

Хабарламаларға жазылу