Батыс өңірлерге 10 мыңнан аса әскери қызметші жұмылдырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс өңірлерге 10 мыңнан аса әскери қызметші жұмылдырылды

11.04.2024

Бүгін Үкіметте су тасқынының екінші толқыны қарсаңында батыс өңірлердегі жағдай талқыланды. Онда үкімет басшысы Олжас Бектеновке вице-премьер және Штаб жетекшісінің орынбасары Қанат Бозымбаев Ресейден Жайық өзені арқылы көлемді судың күтіліп отырғаны туралы баяндады. Қазір Сақмар өзенінің деңгейі көтеріле бастады. Болжам бойынша, Жайық және Сақмар өзендерінің жоғарғы жағынан сәуір айының екінші онкүндігінде Батыс Қазақстан облысының аумағына су келеді. Қазіргі уақытта Орал қаласындағы Жайық өзеніндегі су деңгейі – 728 см, ол 850 см қауіпті межеге жақындайды деп болжанып отыр. Осыған байланысты Премьер-Министр қорғаныс және ішкі істер министрлеріне қажет болған жағдайда қосымша жеке құрам мен техника жіберуді тапсырды. Сондай-ақ, Орал мен Атырау бойынша күштер мен құралдарды барынша жұмылдыру қажет,-деді премьер министр. Жалпы, батыс өңірлерді үлкен судан қорғау үшін 10 мыңнан астам әскери қызметші жұмылдырылып отыр.

Хабарламаларға жазылу