2015 «Айбалта-2015» жауынгерлік әзірліктің ауқымды сынағы аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2015 «Айбалта-2015» жауынгерлік әзірліктің ауқымды сынағы аяқталды

16.09.2015
2015 «Айбалта-2015» жауынгерлік әзірліктің ауқымды сынағы аяқталды

Арнайы аймақта бірлескен арнайы әскери операцияны дайындау және жүргізу 6 кезеңге бөлінді.  

Оқу-жаттығу ауқымды болғандықтан, тактикалық тапсырмаларды орындау нысанында «төтенше жағдай» режимі қамтамасыз етіліп, заңсыз әскери құрылымның ірі жасағы жойылды.

ҚР Қорғаныс министрі жауынгерлік біліктілікті артыратын мұндай сынақтардың тұрақты ұйымдастырылп оытратындығын жеткізді.

«Айбалта-2015» оқу-жаттығуының ерекшелігі  әскери қызметшілер жауынгерлік іс-қимылдар кезінде құрамдастырылған маршпен, әуе және темір жол көлігімен  күрделендірілген бағыттардан өтеді.

Ал батальон командирлері соғыс жағдайында бөлімшелерді басқарып, өздігінен шешім қабылдауды үйренеді. Бұл кәсіби тұрғыда оқып-үйретілген офицерлер корпусын қалыптастыру үшін өте қажет шара.

Іс-шара бірден бес облыста, яғни, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында өткенін айта кеткен жөн.

Онда 10 000 әскери қызметші, Құрлық әскерлерінің 20-дан астам бөлімшесі, 2 мыңнан аса бірлік техника тартылды. Мұндай тексерістерді өткізу әскерлердің далалық дағдысын арттыру ісіндегі кезекті қадам, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігі.

 

Хабарламаларға жазылу