Ақмола облысындағы Атбасар қаласына су кірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысындағы Атбасар қаласына су кірді

11.04.2024

Ақмола облысындағы Жабай өзенінде су деңгейі күрт көтеріліп, Атбасар қаласына су кірді. 

Бүгін таңғы беске таяу топырақтан жасалған дамба 6 жерден бұзылып, қызыл су ырық бермей кеткен. Бірден қалада дабыл жүйесі іске қосылды. 7 уақытша орналасу пункті ұйымдастырылып, су басқан үйлердің тұрғындары эвакуацияланып жатыр. Бірден аудан әкімі халыққа үндеу жасап, қауіпті аймақтағы халықты да жылдам көшуге шақырды. Су сору жұмыстарына 400-ден астам адам, 100 техника жұмылдырылған. Жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды.

Айта кетейік, 2017 жылы тура осы Жабай өзені тасып, жүздеген үйді су басқан еді.


Хабарламаларға жазылу