Жасанды интеллект арқылы жалған ақпаратты тез табатын платформа ұсынуымыз керек. Бұл туралы Алматыда өткен «Фараби әлемі» оқулары Халықаралық форумында талқыланды. Мамандар, журналистикадағы ақпарат қауіпсіздігі ескерілмей жатыр, дейді. Қазір, журналистің жұмысын тез атқаратын чат-боттар кеңінен қолданыста. Енді жасанды интеллект арқылы ақпараттың қауіпсіздігі мен дәлдігін анықтайтын платформа әзірлеуіміз керек. Ал ондағы деректер қоры, сағат сайын жаңарып отыруы тиіс, дейді профессор Гүлмира Сұлтанбаева.
Гүлмира Сұлтанбаева, саяси ғылымдарының докторы, профессор:
Фактчекинг мәселесінде жасанды интеллектің атқаратын рөлі бар. себебі бұл деректерде шынайы, шынайы еместігін ол модельдегі белгілі бір деректер қоры өзіндегі бар дедлайн мерзімге дейін. Мәселен мен Қазақстан туралы өтінім жібергенімде олардың деректік қорында 21 жылға дейін деректер бар. Одан бері қарай жаңаланбаған. Жасанды интеллектің біздің Қазақстандағы кеңінен қолданысындағы шектеулер базаның әлі де болса жаңа еместігін білдіреді.
OPENAI, CHATGPT ПЛАТФОРМАЛАРЫНЫҢ ҚАЗАҚША НҰСҚАСЫ ӘЗІРЛЕНІП ЖАТЫР
Сондай-ақ, жасанды интеллекті қазақ тілінде сөйлету практикасы, қарқынды дамып келеді. Осы ретте Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары OpenAI, ChatGPT секілді үлкен платформалардың қазақша нұсқасын әзірлеп жатыр. Жасанды интеллектке негізделген чат-боттар, қазақ тілінің әдеби, ғылыми стильдегі қолданыс аясының дамуына мүмкіндік бермек.