Алматылық құтқарушылар Қостанай өңіріне көмекке аттанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылық құтқарушылар Қостанай өңіріне көмекке аттанды

10.04.2024

Алматылық құтқарушылар Ұлттық ұланның әуе бортымен Қостанай өңіріне көмекке аттанды. Авариялық құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Төтенше жағдайлар департаментінің 56 қызметкері жұмылдырылды. Олар су сору құралдары, арнайы су өткізбейтін костюмдер, байланыс және жүзу құралдарымен жабдықталған. Құтқарушылар су басқан өңірдің қауіпті учаскелерінде барлық қажетті көмекті көрсетеді.

Сондай-ақ бүгін алматылықтар Атырау облысына 30 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберді. Оның ішінде 12 тонна азық-түлік, 10 тоннаға жуық киім, 7 тонна гигиеналық заттар, 2 тоннадан астам тұрмысқа қажетті заттар мен 200 килограммнан астам дәрі-дәрмек бар. Қайырымды іске Алматыдағы 30-дан астам ірі волонтерлік ұйым, жүзден аса ерікті жұмылдырылды.

Айдана Қуантхан

Хабарламаларға жазылу