Елордадан гуманитарлық көмек тиелген алғашқы екі жүк көлігі бүгін жолға шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордадан гуманитарлық көмек тиелген алғашқы екі жүк көлігі бүгін жолға шықты

20.04.2017

Елордадан гуманитарлық көмек тиелген алғашқы екі жүк көлігі бүгін жолға шықты. Бірі Қарағанды облысындағы Бұқар жырау ауданын бетке алса, екіншісі Атбасардағы тасқын судан жапа шеккен ағайынға аттанды. 

Жүктің салмағы – 5 тонна. Тұрмысқа қажетті бұйымдар мен азық-түлік көмекке зәру елдің қолына ертең тиеді. Ал, алматылық белсенділер екінші керуенді жасақтауға әзірлікті бастап кетті. Өзге өңірдегі қайырымдылық науқаны да қыза түскен.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу