Қостанай облысында жолдар қалпына келтіріліп жатыр
Қостанай облысында су тасқыны кезінде 24 автожолда қозғалыс шектелген еді. Қазір солардың 9-ында жағдай дұрысталып, қозғалыс қалпына келтірілді. Жолдарды ашу бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Бірақ, тасқын қатты болған Аманкелді, Жанкелдин аудандарында кейбір жолдарды су бұзып-жарып кеткен. Оларды қалпына келтіру тасқын басылғаннан кейін іске асады. Сондай-ақ, аймақтағы 28 елдімекенде әлі электр жарығы жоқ. Кейбір ауылдарға тікұшақпен тоқ беретін генераторлар жеткізіліп жатыр.
Құмар Ақсақалов, Қостанай облысының әкімі:
Қатты тасқынның салдарынан бағандар құлап, істен шықты. Бұл оларды қалпына келтіру жұмыстарын қиындатып отыр, су кеткеннен кейін жұмыс жалғасатын болады.
Аманкелді Сейітхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да көпірлердің техникалық жағдайы тексеріліп жатыр
17.09.2025, 20:42

Алматыда қала көшелері су астында қалды
17.09.2025, 20:19
Интернет алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
17.09.2025, 20:19
Елімізде архив қызметкерлерінің жалақысы өседі
17.09.2025, 20:15
Болашақтың айқын бағдары
17.09.2025, 20:08
Интернетте экстремистік идеялардың таралуына қарсы тұру маңызды
17.09.2025, 20:07
Astana Motors: көлік бағасы арзандады
17.09.2025, 20:06
Астана - әлемдік дін көшбасшыларын біріктіретін алаң
17.09.2025, 20:03