Президент әкімдерге абаттандыру жұмыстарын бастауды тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент әкімдерге абаттандыру жұмыстарын бастауды тапсырды

08.04.2024

Мемлекет басшысы cу тасқынына ұшырамаған облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, көгалдандыру және елдімекендердің аумақтарын абаттандыру науқанын бастауды тапсырды. Сонымен қатар жолдарды ретке келтіру міндеті жүктелді. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жұмыстарға тұрғындар мен еріктілерді тұрақты түрде тарту маңызды екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, елдімекендер мен қоғамдық демалыс орындарын күтіп-баптау әкімдер қызметін бағалаудың тағы бір өлшемі болады.

Оңғар Алпысбайұлы


Хабарламаларға жазылу