Президент Премьер-Министр А.Мамин мен Сенат төрағасы Д.Назарбаеваны қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Премьер-Министр А.Мамин мен Сенат төрағасы Д.Назарбаеваны қабылдады

30.09.2019

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Мамин мен Дариға Назарбаеваны қабылдады. Премьер-Министр Мемлекет басшысына ел экономикасын дамытуға байланысты сан түрлі салада атқарылып жатқан шаруалар туралы есеп берді. Мемлекет басшысы Премьер-Министрге қазан айының ортасында өтетін экономикалық даму мәселесіне арналған Үкіметтің кеңейтілген отырысына дайындық жұмыстарын бастауды тапсырды. Ал Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева Президентке Парламенттің жоғарғы палатасы жұмысының жай-жапсары мен заң шығару қызметінің жоспары туралы айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев жолдаудың негізгі бағыттарын сапалы заңнамамен қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу