Президент елорда әкіміне тұрғындардың мәселелерін шешуді тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент елорда әкіміне тұрғындардың мәселелерін шешуді тапсырды

22.06.2022

Президент елорда әкіміне тұрғындардың түйіткілді мәселелерін шешуді тапсырды. Ақордада Мемлекет басшысы Алтай Көлгіновті қабылдап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Қала әкімінің айтуынша, жылумен жабдықтау қуатын арттыру үшін үшінші Жылу электр орталығының құрылысы жүріп жатыр. Газ қазандықтары іске қосылған соң орталықтың қуаты 3 есе артады. Бұл жаңа аудандарды жылумен қамтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар 200-ден астам аула мен қоғамдық демалыс орындары жаңартылады.

Президент елорданың инфрақұрылымын дамытып, абаттандыру жұмыстарын жалғастыруды да тапсырды.  

Хабарламаларға жазылу