Су басқан аймақтарға қосымша әскери күштер жұмылдырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су басқан аймақтарға қосымша әскери күштер жұмылдырылды

06.04.2024

Қарулы күштердің әскери инженерлері, Ақтөбе облысына жетті. Олар, табиғи апат аймағындағы елді мекендермен жол қатынасын қалпына келтіреді. Осы мақсатта, Ойыл өзеніне паром өткелін орнататын болады.

Ал 99 да 116 әскери бөлімінің сарбаздары, Құлсары қаласының іргесіндегі Жем өзенінің арнасын бұру жұмыстарын бастады. Нәтижесінде, өзендегі су деңгейі төмендейді. Қазір, Атырау облысының Қарабау мен Құлсары елді-мекеніне 115 әскери қызметкер жұмылдырылды. Олар, үш мыңнан аса құмға толы қапты дайындап, тасқынның алдын-алу жұмыстарын жүргізіп жатыр.


Хабарламаларға жазылу