Тасқын судан зардап шеккен Құлсары қаласының тұрғындары Атырау облысына жеткзіліп жатыр.
Жандос Темірғали, тілші:
Қазір мына мен тұрған облыстық штабта өңірге арнайы келген Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев жауаптылармен шұғыл жиын өткізіп жатыр. Ал, түннен бері тұрғындар пойызбен, экарустармен Атырауға тасымалдануда. Қазір облыс орталығына құлсарыдан пойызбен 500 дей адам келе жатыр. Оларды күтіп алу үшін арнайы топ құрылды. Тұрғындарды орналастыратын пунктердің бірін біз барып көрген едік.
Жандос Темірғали, тілші:
Теңіз мұнай кеніші тасқын болған Құлсары қаласынан 86 шақырым қашықта орналасқан. Қазір кәсіпорынға қызыл судан қауіп төніп тұрған жоқ. ТШО басшылығы зауыт штатты режимде жұмыс істеп жатқанын жеткізді. Жалпы Құлсарыдағы төтенше жағдайға қатысты әзір бірдеңе деу қиын. Себебі, тасқын әлі тоқтаған жоқ. Штаб қызыл судың екінші толқыны болуы мұмкін деген ақпаратты айтты. Облыс әкімінің орынбасары шығындар есептеліп, бюджеттік тәсілмен өтелетінін жеткізді.Жайық та қатер төндіріп тұр. Индер ауданының тұсында су деңгейі бүгін 52 смге көтерілген. ЖАйық өзеніндегі 100 шақырым жағаны бекіту жүргізілуде.
Жандос Темірғали