Президент ШЫҰ-ға мүше елдердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент ШЫҰ-ға мүше елдердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларымен кездесті

03.04.2024

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларымен кездесті. Мемлекет басшысы қазір ұжымдық қауіпсіздіктің рөлі артып келе жатқанын ескере отырып, мұндай кездесудің айрықша өзекті екенін атап өтті. Шанхай ынтымақтастық ұйымы өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, «Үш зұлым күшке» бірігіп қарсы тұру мақсатында құрылған. 20 жылдан бері осы миссияны орындап келеді. Алдағы уақытта Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2025-2027 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасын қабылдау керек.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Өткен жылы әлемде өңірлік және жергілікті деңгейде 183 қақтығыс орын алды. Жанжалдардың саны шамамен 30 пайызға артқан. Бұл – соңғы отыз жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Сарапшылар қақтығыстар мен зорлық-зомбылық әрекеттерінің жаһандық циклы белең алып келе жатыр деп санайды. Осы ретте халықаралық терроризмнен де төнетін қауіп күшейіп келеді. Ең бастысы, болған істен дұрыс қорытынды шығарып, нақты шаралар қабылдау керек. Азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, террорлық қауіп-қатерлерге лайықты төтеп беруге тиіспіз. 


Хабарламаларға жазылу