ШЫҰ аясындағы жастар лагерінің жұмысы жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШЫҰ аясындағы жастар лагерінің жұмысы жалғасуда

22.09.2023

ШЫҰ – әлемдегі ең «жас» халықаралық ұйымдардың бірі. Кеңістікте 3,5 миллиардқа жуық адам тұрса, олардың жартысы – жастар. Мәжіліс Спикері Ерлан Қошанов ұйым аясында өтіп жатқан жастар лагерінің қатысушыларымен кездесті. «AMANAT» партиясының төрағасы ұйымға мүше және байқаушы мемлекеттердің алдында тұрған міндеттерді іске асырудағы жастардың рөліне тоқталды. Саяси реформалар мен елдің жаңа экономикалық моделін құру жұмысы туралы айтты. Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан жастар саясатының маңызды тұстарына тоқталды

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

Қазіргі заманда барлық елдің тең құқықтық негіздегі өзара іс-қимылы үшін жағдай жасау аса маңызды. Сондықтан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығы барысында, «Әділетті әлем мен келісімді жақтайтын дүниежүзілік бірлік туралы» бастама ұсынуға ниетті екенін мәлімдеді. Ол ШЫҰ мен оның кеңістігінің одан әрі даму бағдарын айқындайды. Бұл жұмысқа ШЫҰ-ға кіретін барлық ел жастарының белсенді араласуы маңызды.


Хабарламаларға жазылу