Елбасы ШЫҰ-ға мүше елдердің өкілдерін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы ШЫҰ-ға мүше елдердің өкілдерін қабылдады

06.04.2017

Мемлекет басшысы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы елдері Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының 12-ші кездесуіне келген делегация жетекшілерін қабылдады.

Нұрсұлтан Назарбаев жиынға қатысушыларды құттықтап, бұл іс-шараның биыл маусымда Астанада болатын ШЫҰ саммиті қарсаңында өтуінің маңыздылығын атап өтті. Президент Санкт-Петербургтегі лаңкестік әрекетке тоқталып, терроризмнің қанат жайып бара жатқанына алаңдаушылығын білдірді. Сондай-ақ, Қауіпсіздік кеңесінің қызметіне мемлекет басшылары ерекше мән беріп отырғанын айтты.

 

 

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу