Түркістан облысынан Ақтөбеге гуманитарлық көмек жөнелтілді. «Күшіміз бірлікте» акциясы аясында ерікті жастар үш тәулік бойы тасқын судан зардап шегіп жатқан азаматтарға азық-түлік пен киім кешек, төсеніш заттар жинаған. Өңірдің барлық аудан-қалаларында тұратын халық пен кәсіпкерлер қиын жағдайда қалғандарға қолдан келгенше көмектесіп жатыр. Жастар орталықтарына жеке гигиеналық заттар мен аяқ киім, дәрі-дәрмектер және басқа да қажетті тұрмыстық заттар жеткізіп берді. Күнгей жұртшылығы оңтүстіктегі табиғи апаттар мен су тасқыны кезінде басқа өңірлерден келген көмектерді ұмытпаған. Сондықтан гиманитарлық көмек жинауға белсенді түрде қатысып жатыр. Бүгін 30 тонна гуманитарлық көмек тиелген жүк көлігі Ақтөбе облысына шығып кетті. Ал өңірдің ерікті жастары жылу жинауды әлі де жалғастыра береміз деп отыр.
Олжас Мамыр, ерікті:
Түркістан облысының жастары гуманитарлық көмектен бөлек оннан астам жас Ақтөбе қаласына баратын боламыз. Ол жердегі біздің міндет төрт күн немесе бір аптаға жуық сол жерде көмектесіп жатқан ерікті жастар, судан зардап шеккен тұрғындарға және төтенше жағдайда қызмет етіп жатқан біздің батырларымызға көмек беру.
Айнұр Әбілқасымқызы