Қызылордалық құтқарушылар көмек көрсетуге Атырау облысына аттанды. Төтенше жағдайлар департаментінің 35 адамнан тұратын бригадасы арнайы құтқару құралдарымен жарақтандырылған.
Атап айтқанда, 3 бірлік техника, 10 су тартатын мотопомпа, 2 қайықпен құтқарушылар Атырау облысындағы су басу қаупі бар аумақтарда тұрғындарға көмек көрсетеді. Жалпы бұған дейін Сыр өңірінің төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 31 құтқарушы Қостанай облысы Амангелді ауылына жөнелтілген болатын.
Әділбек Серікұлы