НАТО мен Еуропалық Одақ Түркияға құтқару командасын аттандырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

НАТО мен Еуропалық Одақ Түркияға құтқару командасын аттандырды

07.02.2023

НАТО мен Еуропалық Одақ Түркияға қолдан келген көмекті көрсетуге дайын. Одаққа мүше мемлекеттердің өрт сөндірушілерінен, полиция қызметкерлері мен әскерилерінен құралған 10 құтқару командасы Түркияның жер сілкінісінен қираған аймақтарына аттанды. Зілзаладан зардап шеккендерге жедел жәрдем көрсету үшін қарт құрлықтың дәрігерлері мен медициналық құрал-жабдықтар да жеткізілмек. Сондай-ақ Еуропалық комиссия Анадолы еліне өзінің «Copernicus» деп аталатын спутниктік желісін ұсынды. Желі төтенше аймақтардың картасын жасауға таптырмас көмек. Дәл осындай қолдауды ЕуроОдақ Сирия үкіметіне де ұсынып отыр. 

Н.Қасым

Хабарламаларға жазылу