Абай облысында екі шопан құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай облысында екі шопан құтқарылды

01.04.2024

Абай облысында екі шопан құтқарылды. Көкпекті ауданында 1985 және 1990 туған азамат мал айдап келе жатып тасқынға тап болған. Көкпекті өзенінің деңгейі күрт көтерілгендіктен олар қыстауға жете алмай қалған. Іздестіру нәтижесінде бір адам қайықпен құтқарылды. Екінші шопанды Қорғаныс министрлігінің тікұшағымен өзен ортасындағы аралдан тауып, қауіпсіз жерге жеткізген.

Ержан Жақып


Хабарламаларға жазылу