Абай облысында аязды күні далада қалған жолаушылар құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай облысында аязды күні далада қалған жолаушылар құтқарылды

09.12.2022

Абай облысында аязды күні далада қалған жолаушылар құтқарылды. «Зайсан-Өскемен» бағытына қатынайтын автобустың ішінде 44 адам болған. Олардың 36-сы бала. Құтқарушылар жолаушыларды түгелдей жақын жылыту бекетіне жеткізген. Сондай-ақ «Қалбатау- Ақжал» жол учаскесінде «Nissan» маркалы жеңіл көлік қар құрсауында қалып қойып, құтқарушыларға хабар берген. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары көлікті және ішіндегі екі адамды сол маңдағы жақын елдімекенге жеткізді.

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу