Е.Қарин: Ұлттық құрылтай қоғам мен мемлекет арасында тиімді диалог алаңына айналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Е.Қарин: Ұлттық құрылтай қоғам мен мемлекет арасында тиімді диалог алаңына айналды

15.03.2024

«Ұлттық құрылтай қоғам мен мемлекет арасында тиімді диалог алаңына айналды». Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Telegram парақшасында жазды. Онда Атырауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы шеңберіндегі жұмыс секцияларының мәслихаттарына тоқталған. «Секцияларда айтылған ұсыныстардың басым бөлігі қоғам бірлігін одан әрі нығайтуға, жалпыұлттық құндылықтарды дәріптеуге, елдің ғылыми әлеуетін көтеруге бағытталған» ,- дейді.

Ерлан Қарин, ҚР мемлекеттік кеңесшісі:

Жалпы алғанда, төрт секцияның жұмысында Ұлттық құрылтайдың 70-ке жуық мүшесі сөз сөйлеп, 100-ден аса ұсыныс пен бастама көтерілді. Секцияларда айтылған ұсыныстардың басым бөлігі қоғам бірлігін одан әрі нығайтуға, жалпыұлттық құндылықтарды дәріптеуге, елдің ғылыми әлеуетін көтеруге, мәдениет саласын қолдауға, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамытуға, көші-қон мәселесін реттеуге және қоғамдағы өзге де өзекті мәселелерге қатысты жасалды. Ұлттық құрылтай мүшелерінің мұндай белсенді қызметі аталған азаматтық институттың қоғам мен мемлекет арасында тиімді диалог алаңына айналғанын көрсетеді.

Динара Жарқынбек


Хабарламаларға жазылу