Қазақстандық шорт-трекші Әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық шорт-трекші Әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

18.03.2024

Шорт-тректен Роттердамда өтіп жатқан әлем чемпионатында жерлесіміз Денис Никиша 500 метрлік жарыста екінші орын алды. Бұл – Қазақстанның шорт-тректен ересектер арасындағы әлем біріншілігінде алған алғашқы тарихи медалі.

Осыған дейін спортшыларымыз Азия ойындарында және әлем кубогы кезеңдерінде ғана жүлде алып жүрген. Бұған қоса, Қазақстан шорт-трек құрамасы үш олимпиада қатарынан жүлдеге бір қадам жетпей келген. Спортшыны жеңісімен Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин құттықтады.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу