Шорт-трекші А. Әжғалиева тарихи жүлдеге ие болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шорт-трекші А. Әжғалиева тарихи жүлдеге ие болды

26.02.2024

Польшада өтіп жатқан шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржыны тарихи жүлдемен толықты. Алина Әжғалиева күміс медаль еншіледі.

Гданьск қаласында өткен жарыста 1500 метр қашықтықта өнер көрсеткен спортшымыз соңына дейін күшін сақтап келіп, мәреде жүлдесін жұлып алды. Осылайша 18 жастағы Алина Әжғалиева әлемдік додада Қазақстанның қыздар құрамасындағы алғашқы жүлдені қанжығасына байлаған шорт-трекші атанды.

Қаракөз Тұрмағанбет


Хабарламаларға жазылу