Ресейде Президенттік сайлаудың алдын ала нәтижесі жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде Президенттік сайлаудың алдын ала нәтижесі жарияланды

18.03.2024

Ресейде президенттік сайлаудың алдын ала нәтижесі жарияланды. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, қазіргі мемлекет басшысы Владимир Путинге сайлаушылардың 87 пайыздан астамы дауыс берген.

Ресей Федерациясы Коммунистік партиясынан кандидат Николай Харитонов - 4,32 пайыз дауыс жинап, екінші орында. Шараның өту барысын мыңнан аса халықаралық байқаушы бақылаған. Бұл жолы сайлаушылар жоғары белсенділік танытқан. Дауыс беруге құқылы азаматтардың 74,22 пайызы өз таңдауын жасады.

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу