Президент сайлауы: «Exit-poll» нәтижелері белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент сайлауы: «Exit-poll» нәтижелері белгілі болды

21.11.2022

Кезектен тыс президент сайлауының Exit-poll нәтижелері түнгі 12-ден кейін жарияланды. Сауалнаманы үш институттың әлеуметтік зерттеушілері жүргізген. Соның бірі «Ашық қоғам» халықаралық аймақтық зерттеулер институты. Ондағылар Қазақстан телерадио корпорациясының тапсырысы бойынша еліміздің 354 сайлау учаскесінде «Қай кандидатқа дауыс бердіңіз?- деген сауалды 300 мыңнан астам респонденттерге қойған.

Зерттеу нәтижесі бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев 82,45 процент дауыс жинаса, Жигули Дайрабаев сайлаушылардың 3,33; Қарақат Әбден 2,54; Мейрам Қажыкен 2,23 пайыз дауыстарын жинаған. Ал Нұрлан Әуесбаевты электораттың 2,17; Салтанат Тұрсынбекованы 2,08 проценті таңдаған. Бәріне қарсымын деп дауыс бергендер 5,2 пайыз. Айта кетейік, бұл сайлаудың ресми нәтижесі емес. Әлеуметтік сауалнама қортындысы. Сайлаудың алдын ала нәтижелерін бүгін Орталық сайлау комиссиясы жария етеді.

 Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу