Мемлекет басшысы Ресей президентімен телефон арқылы сөйлесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Ресей президентімен телефон арқылы сөйлесті

18.03.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Президент сайлауындағы сенімді жеңісімен құттықтады. Мемлекет басшысы Ресей Президентінің стратегиялық бағдары жалпыхалықтық қолдауға ие болғанын атап өтті.

Президенттік сайлаудың алдын ала нәтижесі жарияланды

Ресей Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметінше, Владимир Путинге электораттың 87 проценттен астамы дауыс берген. Екінші орында - компартиялық үміткер Николай Харитонов. Оны сайлаушылардың 3,86 пайызы қолдаған. Ресейде президенттік сайлау үш күн бойы өтті. Оған дауыс беруге құқығы бар азаматтардың 77,44 пайызы қатысқан.

Хабарламаларға жазылу