Елімізде көлікті есепке қоюдың заңдылығы тексеріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде көлікті есепке қоюдың заңдылығы тексеріліп жатыр

14.03.2024

Елімізде көлікті есепке қоюдың заңдылығы тексеріліп жатыр. Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтарында төлемдердің дұрыс жүргізілгенін анықтау үшін жүк көліктері, автобустар және басқа да транспорт түрлері назарға алынған. Осы мақсаттағы жұмысты жетілдіре түсіу үшін Қаржы монтиторинг агенттігі мен цифрлық даму министрлігі және «Азаматтарға арналған үкімет» өкілдері кездесті.

Тараптар талқысында алаяқтар қолданған 4 негізгі схема анықталды. Жалпы, былтырдан бері көлікті заңсыз тіркеу бойынша 23 қылмыстық іс тіркелген. Мемлекетке келтірілген залал 14 млрд теңгеден асады.

Азамат Нұғыманов


Хабарламаларға жазылу