Қарағандыда қызметтік көлікті жұмыстан тыс пайдаланған прокуратура қызметкерлері тексеріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда қызметтік көлікті жұмыстан тыс пайдаланған прокуратура қызметкерлері тексеріліп жатыр

12.10.2021

Прокуратура қызметкерлері балаларын қызметтік көлікпен тасиды. Осылай деп әлеуметтік желіде жарияланған ақпарат бойынша тексеру басталды деп хабарлады Қарғанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметі. Суретті желіге жүктеген автор қызметтік көлік күн сайын Қарағанды қаласының оңтүстік-шығысындағы Гүлдер шағынауданындағы спорт кешеніне бала апаратынын, көліктің қызметтен тыс мақсатта пайдаланылатынын айтады. Сондай-ақ, қызметтік көліктің жүргізушісі мектепке дейінгі мекеме алдында 1,5 сағат күтеді деп жазған. Әзірге прокуратура көліктің кімге тиесілі екені туралы ақпарат таратпады.


Хабарламаларға жазылу