Қазақстанда минералдарды игеру үшін Британ технологиялары тартылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда минералдарды игеру үшін Британ технологиялары тартылады

13.03.2024

Қазақстанда сирек кездесетін жер элементтерін игеру үшін Британ технологиялары тартылады. Лондонда минералдарды игеру саласында ынтымақтастықты нығайту үшін «Жол картасына» қол қойылды.

Мемлекет басшысы елдегі сирек металдарды игеруді үкіметке тапсырған болатын. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет. Алдағы уақытта Қазақстан үкіметі британиялық әріптестерімен байланысты арттырмақ.

Шархан Иран, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі:

Сирек жер элементтері өте көп.18 элеметіміз бар. Технологиялар жоқ, бірақ пайдалы қазбалар бар. Ол үшін технологиялар керек.

Бір жыл бұрын Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Джеймс Клеверли Қазақстанға іссапармен келіп, маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойғаны белгілі. Бүгінгі «Жол картасы» сол келісімнің жалғасы.

Нусрат Гани, Ұлыбританияның өнеркәсіп және экономикалық қауіпсіздік министрі:

Жол картасының жүзеге асуы нәтижесінде Қазақстанда британиялық компаниялар көкжиектерін кеңейтіп, тәжірибелерімен бөліседі деген зор үміттеміз.

Марина Бекенова

Хабарламаларға жазылу