Тау-кен cаласына канадалық технология тартылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тау-кен cаласына канадалық технология тартылады

10.03.2023

Қазақстан мен Канада арасындағы экономикалық байланыс тереңдей түспек. Оның ішінде елімізге салынатын инвестиция көлемі артпақ. Торонтода өткен алғашқы

Қазақстан тау-кен металлургия өнеркәсібін дамытуға ерекше ден қойды. Өйткені ұлттық экспорттың бестен бірі осы саладан түседі. Яғни, мұнай-газдан кейінгі екінші орында тұр. Бұл орайда, Канададан үлгі алар тұс аз емес, әсіресе қазақ тарапын тың технологиялары қызықтырып отыр.

Иран Шархан, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары:

b2 gold, hatch секіліді компаниялармен кезедесу өткіздік. Бірнеше сұрақтар талқыланды. Ең маңызды мәселе Қазақстанға инвестиция тарту мәселесі және геология саласында заманауи технологияны тарту мәселесі.

Екі елдің тау-кен металлургия саласындағы белді компаниялары қатысқан форумда канадалық бизнес қауымдастыққа еліміздегі ондаған кен орындары таныстырды. Нәтижесінде екіжақты бірқатар құжаттарға қол қойылды. Оның ішінде канадалық First Quantum компанясы Қазақмыс Корпорациясымен бірлесіп, Қазақстанда геологиялық барлау жүргізуге келіссе, Bureau Veritas компаниясы халықаралық геохимиялық зертхана құратын болды.

Даррен Клинк, «Arras mine rals» президенті:

Біздің компания Павлодар облысында он сегіз айдан бері мыс кен орындарын барлау және игеру ісіне белсенді кірісіп жатыр. Әлем бойынша қазба байлықтарын барлауда мол тәжірибеміз бар. Сондықтан мыс пен алтын қорын тауып, жақсы жаңалықпен қуантамыз деп ойлаймын. Себебі, бұл металдарға қазір дүние жүзі бойынша сұраныс аса жоғары.

Канада үшін Қазақстан Орта Азиядағы негізгі серіктес. Былтыр екі жақты тауар айналымы жетпіз пайызға өсіп, 840 млн долларға жуықтады. Ал Канададан тікелей тартылған инвестиция 2,7 млрд доллар шамасында. Бүгінде металлургиядан бөлек, энергетика, ауыл шаруашылығы, машина жасау салаларында 11 ірі бірлескен жоба іске асып жатыр.

Жалғас Сәдібекұлы


Хабарламаларға жазылу