«Оппенгеймер» драмасы 7 «Оскар» жүлдесін иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Оппенгеймер» драмасы 7 «Оскар» жүлдесін иеленді

11.03.2024

Лос-Анджелесте «Оскар» киножүлдесімен марапаттау салтанаты осымен 96-шы рет өтті.

Сыншылардың көпшілігі күткендей, Кристофер Ноланның «Оппенгеймер» картинасы ең үздік фильм, ал оның авторы ең үздік режиссер атанды. Атом бомбасын ойлап тапқан америкалық жайлы лента бас-аяғы жеті «Оскарды» иеленген.

Ал украиналық режиссер Мстислав Черновтың «Мариупольдағы 20 күн» атты еңбегі «Оскарды» ең үздік толық метражды фильм номинациясы бойынша жеңіп алды. Айта кету керек, әлем жұртшылығы 2022 жылы көктемде Ресей әскерінің қоршауына түсіп, бірте-бірте күйреген қалада болып жатқан оқиғаларды сол кездегі «Ассоушиэйтед пресс» агенттігінің тілшісі Чернов пен оның командасының репортаждары арқылы білді.

Сонымен қатар, осы жолы Оскар жүлдесі «Мүдделер аймағы», «Ұл мен құс» және «Барби» картиналарына да бұйырған.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу