Қазақстандық палуан қыздар Азия чемпионатында бір күміс пен үш қола медаль жеңіп алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық палуан қыздар Азия чемпионатында бір күміс пен үш қола медаль жеңіп алды

09.05.2015
Қазақстандық палуан қыздар Азия чемпионатында бір күміс пен үш қола медаль жеңіп алды

Отандасымыз Эльмира Сыздықова 69 келі салмақ дәрежесінде Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Ол финалда қытайлық спортшыға есе жіберген.

Ал, 63 келі салмақ дәрежесінде Екатерина Ларионова Солтүстік Корея елінен келген палуанды 7:2 есебімен ұтып, қола медаль иеленді.

53 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Жұлдыз Әшімова да Азия чемпионатының қола медалін жеңіп алды. Ол үшінші орын үшін болған кездесуде үндістандық спортшыны 6:3 есебімен ұтқан,  

Сонымен қатар, Гүлмарал Еркебаева (75 келі) алғашқы кездесуде жапониялық спортшыға 0:10 есебімен ұтылып қалды. Бұл салмақ дәрежесінде барлығы 6 палуан сынға түскен. Гүлмаралдың тобында басқа қатысушы болмағандықтан ол Азия чемпионатының қола жүлдесін иеленді.

 

Хабарламаларға жазылу