Су тасқынына дайындық: 3 мыңнан астам қабылдау пункті әзірленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су тасқынына дайындық: 3 мыңнан астам қабылдау пункті әзірленді

09.03.2024

Елімізде су тасқыны болса қалса, зардап шеккендерге арналған 3 мыңнан астам қабылдау пункті дайындалды. Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрі – Шыңғыс Әрінов тау суының ағыны салдарынан Алматы, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстарына қауіп төніп тұрғанын мәлімдеген еді. Батыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар мен Қостанай облыстарының кей аумақтарын қар суы басуы мүмкін екенін де ескертті. Ресми мәліметтерге сүйенсек, төтенше жағдайға қазір 39 мыңға жуық құтқарушы, 11 мың техника, 400-ден астам жүзу құралы мен 18 тікұшақ дайын тұр.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу