Ұлттық бірыңғай тестелеудің наурыздағы кезеңі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық бірыңғай тестелеудің наурыздағы кезеңі басталды

05.03.2024

Елімізде ұлттық бірыңғай тестілеудің кезекті кезеңі басталды. Оған қатысуға 110 мың түлек өтініш берген. Бұл жолғы тестілеуге мектепті бірнеше жыл бұрын бітіргендер, колледж студенттері, Қазақстан азаматтығы жоқ қазақтар қатыса алады. Түлектер қай күні және қай жерде тестілеуге қатысатынын өздері таңдауға мүмкіндік бар. Науқан 30 наурызға дейін жалғасады. Бұған дейінгі тетілеу 10 ақпан күні аяқталған. Оған 134 мың оқушы қатысты. Түлектердің 76 пайызы қазақша, 24 пайызы орысша, тағы 83 адам ағылшын тілінде сынақтан өткен. Қатысқандардың 78 пайызы шекті баллдан асырды. Орташа балл 69 болды.

Оңғар Алпысбай


Хабарламаларға жазылу