Алматыда болашақ аналар скринингінің Еуропалық стандарты қолжетімді болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда болашақ аналар скринингінің Еуропалық стандарты қолжетімді болады

02.03.2024

Алматыда болашақ аналарға скринингтің еуропалық стандарты қолжетімді болады. Яғни, бұл дәрігерлерге іштегі нәрестенің туа біткен және хромосомалық патологияны жедел әрі дәл анықтауға мүмкіндік береді.

 Сондай-ақ іштегі нәрестенің өмірі мен денсаулығы үшін максималды дәл болжам жасай алады. Барлық қажетті медициналық тексерулер бір ұйымда жүргізіледі. Осы арқылы болашақ аналар уақытын үнемдеп қана қоймай, бір күннің ішінде барлық нәтижелерге жылдам қол жеткізеді. Зерттеулер заманауи диагностикалық жабдықта еуропалық ұйымның алгоритмі бойынша тексеріледі. Барлық жүкті әйелдер емхананың жолдамасы бойынша тегін тексеріле алады. Зерттеу республика көлемінде алғаш рет ұйымдастырылып отырған «Бір күндік Клиника» пилоттық жобасы аясында өтеді.

Шакизат Халықова, ҚР денсаулық сақтау министрлігі аналар денсаулығын сақтау басқармасының басшысы:

Ультрадыбыстық зерттеуден өтуге мүмкіндігі бар. Ультрадыбыстық зерттеумен қатар биохимиялық қан тапсыруға. Бір күннің ішінде осы екі сараптаманың нәтижесін алып, генетик маманның кеңесін алуға мүмкіндігі бар. Егер қанның, ультрадыбыстық зерттеудің нәтижесінде қандай да бір ауытқу болса, сол жерде перинаталдық консилиум өткізуге мүмкіндігі бар.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу