Париж олимпиадасына спортшыларымыз қандай формамен барады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Париж олимпиадасына спортшыларымыз қандай формамен барады?

29.02.2024

Туризм және спорт министрілігі биыл Париж олимпиадасына баратын спортшылармызға арналған салтанаттық және спорттық формалардың дизайны мен концепциясын жасауға ашық конкурс жарялады. Сонымен төрткүл дүние көз тігетін байрақты бәсекеге спортшыларымыз қандай киіммен барады? Тілшіміз Нұрсұлтан Тілектес біліп көрді.

Ұллтық құраманың биылғы спорттық формасы басқа елдердікінен ерекше болуы қажет. Туризм және спорт министрілігнің талабы осындай. Төрткүл әлем көз тіккен додада спортшыларымызға қарап бірден Қазақстаннан екенін аңғару керек. Осы аталған міндеттердің орындалуын құрамында Серік Сәпиев, Елдос Сметов, Ольга Рыпакова сынды спорт қайраткерлері бар арнайы комиссия қадағалайды.

Шамкен Байырбек, ҚР ТСМ Спортты дамыту дирекциясы баспасөз қызметінің өкілі:

Қазір жұмыстар қабылданып жатыр. Барлық жұмыс наурыздың 10-на дейін кешкі сағат 18:30-ға дейін қабылданады. Осыдан кейін комиссияның отыры болады. Одан кейін 13-154 наурыз аралығында жеңімпаз анықталып, шешім шығарылады. Жалпы, ұлттық құраманың формасы барынша әдемі, көрікті әрі ыңғайлы болуы керек.

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Қазақстан Тәуелсіздік алғалы 7 жазғы олимпиада ойындарына қатысты. Тиісінше, спортшыларымыз 71 медаль жеңіп алып, әлемдік ареналарда еліміздің атын шығарды. Бірақ, ұлттық құрама тек жетістерімен ғана емес, спорттық формасымен де көпшіліктің назарына ілікті.

Мамандардың сөзінше, соңғы жылдары халықаралық жарыстарға арналған спорттық формаларымыз көптің көңілінен шығып, тіпті шетелдік сарапшылардың таңданысын тудырып жүр. Мысалы Қазақстан құрамасының 2021 жылғы Токио олимпиадасына арнап тігілген формасы «Форбс» журналы тарапынан ең стильді форма деп танылған.

Салтанат Баймұхамедова, дизайнер:

Біздің олимпиадалық формамызға «Форбс» «Ең сильді» форма деген атақ берді. Қуанғаным сонша, көзіме жас келіп отыр. Командам үшін жалпы, барлық қазақстандықтар үшін қуаныштымын. Осы күнге жету үшін біраз тер төктік!

Биыл ұлттық құрамаға қандай форма әзірленетіні белгісіз. Бірақ, ақ пен тудың түсің яғни ақ түс қолданылатыны анық, - дейді Ермахан Ибаригов. 1996 жылғы Аталанта олимпиадасының жүлдегері, салтанатты шеруде көк туымызды көтерген, 2000 жылғы Сидней олимпиадасының алтын жүлде иегері биылғы формаға қатысты өз ұсынысын да айтты.

Ермахан Ыбрайымов, Сидней олипиадасының чемпионы:

Бұрын туға дизайн туға сәйкес болған. Бірақ ол кейін басқа да түске айналды. Шынына келгенде ту сияқты түсті болу міндет емес. Ақ болда ма қара бола ма Қазақстанның, қазақ елінің нышаны болса деген ой бар. Арнайы форма болса, үлкен-үлкен брендтық компаниялар тіксе дейміз.

Ұлттық құраманың арнайы формасын отандық компаниялар тігуі мүмкін. Ол жазға қарай белгілі болады. 26 шілдеде басталатын Париж олимпиадасына елімізден қанша спортшы аттанатыны да жұмбақ. Әзірге 8 спорт түрі бойынша тек 19 жолдама бар. Жалпы, жазға дейін спортшыларымыз 60-қа жуық сайыстарда бағын сынап, лецензия алуға тырысып көреді.


Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу