Қазақстан құрамасы тұңғыш рет семсерлесуден Олимпиадаға жолдама алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан құрамасы тұңғыш рет семсерлесуден Олимпиадаға жолдама алды

26.03.2024

Тұңғыш рет семсерлесуден Ұлттық құрама Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алды. Бұл жеңіске 22-24 наурыз күндері Грузияның Тбилиси қаласында өткен әлем кубогында қол жеткізілді. Жаттығуда ел намысын Руслан Құрбанов, Ерлік Сертай, Вадим Шарлаимов, Эльмир Әлімжанов қорғады.

29 елдің өкілі сынға түскен бәсекеде жерлестеріміз Швецияны мен Германияны ұтты. Енді спортшыларымыз жеке сында да Олимпиада жүлдесіне таласа алады. Париж Олимпиадасы 26 шілдеде басталады. 200-ден астам ел қатысатын додада 52 қазақстандық спортшы бақ сынайды.

Ерлік Сертай, Семсерлесуден ұлттық құрама спортшысы:

Семсерлесуден Қазақстан құрамасы бірінші рет 4 лицензия алып отыр. Бұған біз бір жыл бойы жүрдік. Қаншама жұмыс, қаншама жарыстан өттік.

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу