Париж Олимпиадасына лицензия саны 43-ке жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Париж Олимпиадасына лицензия саны 43-ке жетті

21.04.2024

Париж Олимпиадасына Қазақстан құрамасының лицензия саны 43-ке жетті. Бүгін ел қоржынына академиялық ескек есуден алғашқы жолдама түсті. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады. Оңтүстік Кореяның Чунджу қаласында өтіп жатқан Азия құрлығының лицензиялық жарысында Владислав Яковлев жекелей сында топ жарды. Ұлттық құрама спортшысы 2 мың метрге жарыста негізгі қарсыласы Индонезиялық Мемодан асып түсті.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу