Таиландта көпұлтты әскери жаттығу басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таиландта көпұлтты әскери жаттығу басталды

27.02.2024

Таиландта бүгін әлемнің 30 елінің сарбаздары қатысып жатқан әскери жаттығу басталды. Бұл Оңтүстік Азиядағы ең ірі және ұзаққа созылатын әскери ойындар болып саналады. «Кобра голд» атты маневрларға АҚШ пен Қытайды қоса алғанда 9 мыңдай жауынгер қатыспақ. Іс-шара 8 наурызға дейін жалғасады. Аталған ауқымды әскери жаттығу 1982 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұл ойындарды АҚШ, Азиядағы одақтастарымен қарым-қатынастарды нығайтуға арналған алаң ретінде қарастырады.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу