Ескендір Хасанғалиевтің өмірі мен шығармашылығына арналған мюзикл сахналанды
Оралда Қазақстанның Халық әртісі, әнші-композитор Ескендір Хасанғалиевтің өмірі мен шығармашылығына арналған «Асыл арман» атты тұңғыш мюзиклдің премьерасы өтті. Қойылымды жас режиссер Гауһар Адай сахналады. Пьеса авторы жазушы Мәдина Омарова. Ол әншінің бозбала шағын, арман қуып Алматыға жол тартуын, өзінің музасы - Дарикомен кездесуін шығармаға арқау еткен. Ескірмейтін есті әндерді көрермен театр актерларымен бірге шырқап отырды. Мюзикл соңында «Атамекен» жастар музыкалық театрына Мәдениет және ақпарат министрінің алғыс хаты табыс етілді.
Бақыт Нұрпейіс, өнертанушы, театр сыншысы:
Қойылым өте қажет. Шын мәнісінде Ескендір Хасанғалиев секілді ұлы әншімізді біз әруақытта құрмет тұтып, осындай тұлғаларымызды ұлықтауымыз керек. Сондай жағдайда ғана олардың рухы мәңгі жасай беретіні сөзсіз. Осы тұрғыдан алып қарағанда, жастар театрының бүгінгі қойылымы өзінің көркемдік биігіне жеткен деуге болады.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өзбекстан қазақтары мерекемен құттықтады
23.10.2025, 13:21

Қостанайда Республика күніне орай жаңа саябақ ашылды
23.10.2025, 13:18
Астанада мектеп оқушылары 250 түп ағаш екті
23.10.2025, 13:12
Жаңа Зеландияда төтенше жағдай жарияланды
23.10.2025, 13:10
АҚШ Ресейдің ірі мұнай компанияларына санкция салды
23.10.2025, 13:08
Сенат ЖИ туралы заңды Мәжіліске қайтарды
23.10.2025, 13:06
ЖИ заң саласына жүйелі түрде енгізілуде
23.10.2025, 13:03
Ақтөбе облысындағы жол апатынан 12 адам қаза тапты
23.10.2025, 13:00