Депутат заңсыз активтердің бір бөлігін тұрғын үйге жұмсауды ұсынды
Шет елге заңсыз шығарылған активтердің бір бөлігін тұрғын үйге жұмсау ұсынылды. Осылайша үйсіз жүрген халықты баспанамен қамтамасыз етеміз. КСМ: Бүгін мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов осындай депутаттық сауал жолдады. Халық қалаулысы үйсіз жүргендердің қатары күн санап артып жатқанын алға тартты. Сондықтан, мәселені шешу үшін жемқорлар қолды қылған мемлекеттік қаражаттың бір бөлігін баспана салуға жұмсауды ұсынды. Айта кетейік, соңғы бір жылдан аса уақыттың ішінде елімізге 850 млрд теңгеден аса актив қайтарылған болатын.
Нұртай Сабильянов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Заңсыз иемденген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңға сәйкес, мемлекетке қайтарылған қаражаттың бір бөлігін кезекте тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге жұмсалуы қажет.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да көпірлердің техникалық жағдайы тексеріліп жатыр
17.09.2025, 20:42

Алматыда қала көшелері су астында қалды
17.09.2025, 20:19
Интернет алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
17.09.2025, 20:19
Елімізде архив қызметкерлерінің жалақысы өседі
17.09.2025, 20:15
Болашақтың айқын бағдары
17.09.2025, 20:08
Интернетте экстремистік идеялардың таралуына қарсы тұру маңызды
17.09.2025, 20:07
Astana Motors: көлік бағасы арзандады
17.09.2025, 20:06
Астана - әлемдік дін көшбасшыларын біріктіретін алаң
17.09.2025, 20:03