Абай облысында ауылдық жерлердегі мәдени ошақтарды жаңғыртуға мән беріліп жатыр. Тек Ақсуат ауданы бойынша клубтар мен мәдениет үйлерін жаңалау үшін 100 миллион теңге қаржы бөлінген. Бұл қаржыға 10 нысан жөнделмек. Оған қоса мемлекеттік жекеменшік әріптестік шеңберінде бұрын мәденит үйі болмаған екі ауылда заманауи ғимараттар бөй көтеруде. Екпін елді мекенінде жұмыс толық аяқталса, Жәнтікей ауылында жазға дейін құрылысы бітеді. Ауыл кәсіпкері өз қаржысына салған нысанды дайын күйінде әкімшілік сатып алып, тұрғындардың игілігіне табыстамақ.
Қайырлы Қасенов, құрылыс компаниясының басшысы:
Бұл мәденеит үйінің ішінде кітапхана, ақсақалдар алқасының отыратын орны бар. Және де би залдары, гримерныйлар, домбыра үйірмесі соның бәрі бұл жерде қарастырылған. Бұның тоғы, су, өзінің жеке трансформаторы бар.
Ержан Жақып