Ыстамбұлда «Абай үйі» қазақ мәдени-іскерлік орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ыстамбұлда «Абай үйі» қазақ мәдени-іскерлік орталығы ашылды

30.10.2020

Абай жылы аясында Ыстамбұлда «Абай үйі» қазақ мәдени-іскерлік орталығы ашылды. Жаңа орталық шетелдегі қандастарға тіл үйрету, екі елдің әр саладағы байланыстарын бекемдеуге мұрындық болмақ. Онлайн форматта өткен жиында Түркияда тұратын қандастарымыздың балалары Абай өлеңдерін оқыды. Бұған дейін «Отандастар» қорының бастамасымен дәл осындай «Абай үйлері» Омбы, Ташкент қалаларында ашылған. Жыл соңына дейін Қырғызстан мен Германияда да ашу көзделіп отыр. 

Ертолқын Гайретуллах, «Қазақ-түрік білім беру және зерттеулер» қауымдастығының басшысы:
«Абай үйінің» мақсаты - біздің ұйымдардың басын қосу, қарым-қатынасымызды күшейту. Абай ғылымын үйрету.

Айдос Әшім

Абай үйі Ыстамбұл Абай Құнанбайұлы

Хабарламаларға жазылу